среда, 25 марта 2009 г.

ДАҒДАРЫС – БІЗДІҢ ИГІЛІГІМІЗ ҮШІН

Жаһандану, оның көріністерін практика жүзінде өміріміздің барлық салаларында байқап жүрміз, – біздің арамыздағы байланыстың жаңа деңгейін ашу болып табылады. Ол пайдалы болуы қажет болғанымен, көріп отырғанымыздай, барған сайын көп проблемалар әкеледі.

Неге бұл осылай болады? Өйткені біз ғаламдық интегралдық жүйені бірге жұмыс істеп, өмір сүрудің және жай бірге болудың орнына, керісінше бір–бірімізді «қапыда қалдыру» үшін қолданамыз. Біз әрқашан бір–бірімізді жеңуге, қорлуға, басқадан басым түсуге тырысамыз.

Егер біз дұрыс өзара байланысты сақтағымыз келсек те: «сен – маған, мен – саған» принципі бойынша сауда, – бүгін ол бәрібір бізді дағдарысқа алып келетін еді. Тіпті бір–бірімізді алдамай, шын коммерцияны жалғастыра берген күнде. Өйткені бүгін біз бір дене сияқты бір–бірімізбен өзара байланыстымыз. Мұндай жағдайда өзімшіл адал болу пайдасыз, әлемдік үкімет немесе әлемдік банк құру, жалпы реттеуші іздеу бекер.

Әлемнің саяси және экономикалық басшылары әлемді ортақ басқару туралы келісуге тырысады. Алайда, бұл бізге дағдарыстан шығуға көмектеспейді, өйткені біз Табиғатқа, оның жалпыға ортақ өзара байланыс заңына қарама–қарсы тұрмыз.

Яғни, қоғамдық қатынастар тек шарттар мен адалдықпен ғана емес, бәрінің ортақ байланысымен анықталуы қажет. Сондықтан жақыныңды өзіңдей санау кез келген есептердің негізінде болуы тиіс. Егер біз өзара қарым–қатынасымызды «менікі – менікі, сенікі –сенікі» принципі бойынша эгоистік заңдар негізінде құрсақ, олар тіпті ең тура және адал болғанда, – жүйе жұмыс істемейді, біз не істемеу керектігін ұғынғынша, дағдрыстан кейін дағдарысты үздіксіз қоздыра береміз.

Біз қазірдің өзінде адамзатты бірбіртұтас организм ретінде қабылдап, жаңа жағдайда өзімізді өзіміз дұрыс ұстауға үйренуді ұсынамыз. Тіпті егер біз өзара қатынасымызда ештеме өзгертпей, тек бірбіртұтас организмдегі қатынас пен үлестіру заңдарын үйренумен айналыссақ, – осымен–ақ табиғатқа қарама–қарсы болуды тоқтатамыз. Сол үшін бірден азабымыздың жеңілдегенін сезінеміз.

Дағдарыстың ең практикалық шешімі – оның нағыз себебін зерттеп білу. Яғни әркімнің игілігі әркімге байланысты интегралды қоғамда өмір сүріп үйрену. Осы табиғат заңына біз баларызды да үйретуіміз керек.



Профессор М. Лайтманның басшылығымен Ashlag Research Institute (ARI) ынтымақтаса отырып, Перспективті Зертеулер Институтының Ғылыми редакциясы
«Жаңа адамзат» жобасы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий