среда, 25 марта 2009 г.

Бір себеп, бір шешім

Бүгінгі күні адамзат өзінің эгоистік табиғаты жер бетіндегі жалғыз бәле және барлық қайғы–қасірет көзі болып табылатынын біртіндеп ұғынуда. Саясаткерлер мен ғалымдар әлемдік дағдарыс туралы үндемейді, өйткені оның басты факторы – эгоизмнің ұлғаюы алдында әлсіз. Алайда осындай елемеу жағдайдың ұшығуына әкеліп соғады: дағдарыс аса зор ауқымдарға дейін өршіп, өміріміздің барлық салаларын қамтып кетеді. Осыны бірқатар экологиялық апаттар немесе ядролық соғыс нәтижесінде адамзатты жаппай құрту қаупінің күшеюі дәлелдейді. Қазіргі проблема адам мен Табиғат қасиеттері арасындағы дисбаластың ұлғаюынан тамыр жаятыны бүгін бізге белгілі.

Қазіргі дағдарыстың шынайы себептерін мойындау мен зерттеу оның табиғи дамуына өзгерістер енгізеді. Адамзат осы күнге дейін жүрген апаттар жолынан шығып, оң өзгерістер жолына түседі. Бұл адамның эгоистік табиғатының альтруистікке алмастырудың арқасында мүмкін болады, нәтижесінде процесс барлығын және әркімді қамтиды.

Жағдайды жеңу үшін дүние, оның жетілуі, бағдарлама және мақсат туралы білімді кеңінен тарату қажет. Шүбә жоқ дағдарыс бекер емес және адамзат өзінің эгоистік табиғатын альтруистікке алмастыру қажеттігін ұғынбағанша ол күшее түседі.

Осы дағдарыс онда үстемдік ететін күштің мәңгілік және жетілген сатысына адами текті көтеру үшін табиғатпен мақсатты түрде бағдарламаланған.

Табиғаттың жасырын бөлігін зерттеудің арқасында адамзат ұғынудың теңдесі жоқ деңгейіне тап болады, өз тағдырын басқарады және жер бетіндегі әрбір тұрғынды барлық керек жарақпен қамтамасыз етеді.

Бұл жаңа мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның арқасында адамдар адамзатты әрбір клеткасы және әрбір органы ортақ игілік үшін әрекет ететін біртұтас организм ретінде қабылдайды. Халықаралық бірлестік бүкіл әлемді қамтитын альтруистік заңды басшылыққа алады.

Бүкіл табиғат сияқты болашақтағы альтруистік қоғам абсолютті қайта беру негізінде қызмет ететін біртұтас жүйе болады. Өз табиғатын өзгерткеннен кейін адам дүниенің универсалды заңымен теңдікке келеді. Ол эгоистік тұрғыда қабылданатын бұзылған түйірдің орнына біртұтас ақиқатты сезінеді. Нәтижесінде біз барлығымыз жаратылу мақсатын жүзеге асырып, мәңгілік, жетілген блмысқа жетеміз.
Егер тәрбиелік жұмысты мақсаты табиғатпен тепе–теңдік болатын ішкі өзгеруге бағыттаса, бұл бізге өтелі кезеңді жылдамдатуға және жетілген ақиқаттың бейнесін ашуға көмектеседі.Сонда әлемде тыныштық орнап, бүкіл адамзат мәңгілік, шексіз рахатты бастан өткізеді.

Профессор М. Лайтманның Әлемдік парасат кеңесі алдында сөйлеген сөзінен (World Wisdom Council).

Токио, 2005 жылғы 10 қараша.

Комментариев нет:

Отправить комментарий